Туған күніңіз құтты болсын Нұргүл Жақсылыққызы!
Қашанда қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұлтарысы көп, бұралаң ұзақ жолында таңдаған кәсібіңіздің қыры мен сырын шебер меңгеріп, бүгінде киелі Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында орналасқан Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып келесіз. Өзіңіз басқарып отырған оқу орнының ұжымы Сізді үлкенге құрметті қарындас, кішіге қамқор әпке, қатарластарына адал дос бола білген ізгі жүректі азаматша, еңбекте беделді маман, абыройлы жетекші, қаталдығы мен әділдігі жарасқан білікті басшы ретінде үлгі тұтады.
Өзіңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңызға шаттықтың орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай,
әлі де талай асулардан аса беріңіз!
Ізгі тілекпен колледж ұжымы.