Ағымдағы жылдың 21 маусымы күні Оңтүстік Қазақстан инустриялды-инновациялық колледжінің оқытушылары мен қызметкерлері арасында кіші футболдан “OQIIK League - 2022” турниры болып өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты достықты нығайту, оқу жылын қорытындылау.
Ойынның қорытындысы төмендегідей:
Үздік шабуылшы: Абубакиров Мұрат;
Үздік қорғаушы: Тұрлыбеков Нұрхан;
Үздік қақпашы: Ізбасар Ерқанат;
Футбол кубогын МЖТ ПЦК оқытушылары қанжығаларына байлады.
Тартысты әрі қызықты жолдастық кездесуге қатысқан барша оқытушыларымызға колледж әкімшілігі атынан мың алғыс. Жеңісті әрі жемісті күндеріңіз көп болғай.