«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҰЛЫҚТАЙЫҚ»
қазақ халқының ханы, қоғам қайраткерлері, ақын – жазушылары, батырларын еске алу кеші.
Ағымдағы жылдың 08 маусымы күні, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Өзін-өзі басқару парламенті» студенттері және колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Ұлы тұлғаларды ұлықтайық» тақырыбында қазақтың ханы, қоғам қайраткерлері,ақын-жазушылары, батырларын еске алуға байланысты үлкен ауқымды іс-шара болып өтті.
Іс-шараның негізгі міндеті Ұлы тұлғалардың өмірі және олардың еңбегімен танысу. Ұлы тұлғаларымыздың қазақ халқына қосқан өшпес мұраларын дәріптеу. Жас буын білім алушыларға тұлғалардың еңбектерін ұғындыру.
Бұл ауқымды іс-шарада төмендегі тұлғаларымыздың елеулі даталары аталып өтілді:
1. Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы 355 жылдығы;
2. Кенесары Қасымұлы (Кенесары хан) 220 жылдығы;
3. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы;
4. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 125 жылдығы;
5. Ғабит Махмұтұлы Мүсіреповтың 120 жылдығы;
6. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 110 жылдығы;
7. Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметованың 100 жылдығы;
8. Роза Тәжібайқызы Бағланованың 100 жылдығы.
Жоғарыда аталған Ұлы тұлғалардың еңбектері мен қазақ халқына қалдырып кеткен өшпес мұраларын колледжіміздің білім алушылары таныстырып, әрбір тұлғаның өмір дерегіне жеке-жеке тоқталды.
Колледж кітапханасындағы кітап сөрелерінде сақталған тұлғаларымыздың жинақтары мен кітаптары көрмеге қойылып, ұлы тұлғаларымыздың жақсы еңбектері студенттерге толық таныстырылды.
Тарихи құндылыққа бай бүгінгі кеш студенттеріміздің жадында сақталып қаларлығы сөзсіз. Көптеген ақпараттар айтылып тұлғаларымыздың жүріп өткен жолдары мен олардың таусылмас жыр дастандары баяндалып, іс-шараның соңы Ұлы тұлғаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алу сәті де ұмыт қалдырылмады.
Өткенін білмеген қазақ болашағына жоспар жасауы мүмкін емес, сондықтан біздер тарих қойнауына еніп кеткен «Ұлы тұлғаларымызды ұлықтау» ол біздің сый құрметіміздің белгісі. Қазақ халқының ұлы есімдері өте көп, біздер атақты, ұлы, қасиетті азаматтарымызбен әрқашан да мақтана білуіміз керек.
Бүгінгі іс-шараға арқау болған «Өзін-өзі басқару парламенті» фракцияларының мүшелері және білім алушы белсенді жастарымызға, кітапхана меңгерушісіне, колледж әкімшілігіне алғыс айтамыз.
Ұлыларын ұлықтаған қазағым мәңгі жасасын!