«WORLDSKILLS TURKІSTAN-2022»
облыстық чемпионаты өз мәресіне жетті.
Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2022 жылғы 31 мамыр – 03 маусым күндері аралығында облыстағы 14 колледждің базасында «Worldskills Turkіstan - 2022» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты болып өтті. Чемпионаттың шешуші қорытындылау кезеңі яғни марапаттау сәті Түркістан қаласының Конгресс - Холлда өткізілді.
WorldSkills чемпионаты бүгінде техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер арасында жыл сайын өткізілетін, жұмысшы мамандықтарының сапасын арттыруға зор ықпал ететін бірден-бір сайыстардың түрі.
WorldSkills International (WSI) - халықаралық коммерциялық емес бірлестік, оның мақсаты бүкіл әлемдегі кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын көтеру, бүкіл әлем бойынша халықаралық конкурстар арқылы жұмысшы кәсіптерін танымал ету.
Біздің Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжі WorldSkills чемпионатына 2017 жылдан бастап 10 құзіреттілік бойынша облыстық, республикалық чемпионатқа дәстүрлі түрде қатысып келеді. «Наубайхана ісі», «Кондитерлік ісі» құзіреттіліктері бойынша облыстық, республикалық чемпионаттың жеңімпазы.
"Worldskills Turkіstan – 2022" облыстық чемпионда Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінен төмендегі 8 құзыреттілік бойынша қатысып, марапатқа ие болды:
1. «CNC станогыгында токарлық жұмыс» құзіреттілігі бойынша І-орын - қатысушысы Эргашалиев Шухрат🥇, сарапшысы Жарылқасын Д.Қ.
2. «Кондитерлік ісі» құзіреттілігі бойынша І-орын – қатысушысы Қойбек Назерке 🥇, сарапшысы Ескулова Ж.Х.
3. «Наубайхана ісі» құзіреттілігі бойынша ІІ-орын –қатысушы Ханалиева Надира🥈, сарапшысы: Утегенова Ғ.А.
4. «Автокөлікті жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзіреттілігі бойынша «Үздік медальон иегері» қатысушы Азизтаев Самандар🏅, сарапшысы: Абубакиров М.Қ.
5. «Электромонтаждау жұмысы» құзіреттілігі бойынша «Үздік медальон иегері» қатысушы Карибаев Исламбек🏅, сарапшысы: Абдуллаев Е.Ж.
«Worldskills Turkіstan - 2022» облыстық чемпионатында қол жеткізген ЖЕҢІС марапаты құтты болсын!
Әріптестерімізге, болашақ білікті кәсіп иесі атанатын студенттерімізге әрдайым жеңіс тұғырынан көріне берсін деп тілейміз.
Сонымен бірге марапаттау кезінде «Worldskills Turkіstan - 2022» облыстық чемпионатына қатысқан төмендегі бітірушілерімізге әлеуметтік серіктестіктеріміз тарапынан қолдау көрсетіліп ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ сертификатын табыстады:
1. «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының 4 курс студенті Карибаев Исламбек «Ер – Тай» ЖШС – не жұмысқа орналасуға ЖОЛДАМА алды;
2. «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өндірісі» мамандығының 3 курс студенттері Қойбек Назерке, Ханалиева Надира «Gramad Retail» ЖШС – не жұмысқа орналасуға ЖОЛДАМА алды;
3. «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығының 3 курс студенті Абдушукуров Диербек колледж құрылтайшысы «ЮКМЗ» АҚ – на жұмысқа орналасуға ЖОЛДАМА алды.
Барлық чемпионат жеңімпаздарын және олардың сарапшыларын шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз!
Әріптестер алар асуларыңыз биік, жеңістеріңіз көп болғай!