«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКТТІК РӘМІЗДЕРІНЕ 30 ЖЫЛ»
ЕЛТАҢБА АВТОРЫ ЖАНДАРБЕК МӘЛІБЕКОВПЕН ОНЛАЙН СҰХБАТ.
Бүгін 03 маусым 2022 жылы сағат 09:00 де Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Өзін-өзі басқару парламенті фракциясы» жастары және колледжіміздің оқытушылары Елтаңба авторы белгілі сәулетші, Еуразия ұлттық университетінің профессоры, Барыс орденінің иегері Жандарбек Мәлібековпен онлайн жүздесу өткізді.
Біздің Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің жастарына Жандарбек Мәлібеков ағамыз Елтаңбаның шығу тарихын, Тудың қасиетін және рәміздерімізді, қазақтың ән ұранын қастерлеуді, еліміздің патриоты болуды ерекше атап айтты. Жастарымызға толағай табыс тілеп, еліміздің ертеңін «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАННЫҢ» мықты тұтқасы болуларын және еліміздің өркендеуіне үлес қосуларын айрықша атап айтты!
Екінің біріне бұйырмайтын бақ ол Елтаңбаның авторымен тікелей жүздесу, бүгін біздің білім алушы студенттеріміз Жандарбек Мәлібеков ағамызбен сұхбаттасып, ол кісінің тілек, ниетін-ықыласын тыңдап, өздерінің бойына рухты жігер және ел патриоты болуларын сіңіргендігі рас. Студенттеріміз автормен тікелей сұхбаттасу барысында ерекше толқу сәтінде болғандарын жасырмады.
Рәміздеріміз биіктен көрініп, еліміз «Жаңа Қазақстан» белесіне бет бұрып, өркениеті кең елдердің қатарына қосылуына біз ат салысуымыз қажет. Рәміздер мерекесі құтты болсын.