1-МАУСЫМ «БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ»
Бір бала атасына жете туады,
Бір бала атасынан өте туады,
Бір бала кері кете туады,-деп қазақ халқы дөп басып айтқан.
Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Ізгілік елшілері» еріктілер клубы мен «Әлеуметтік жұмыс» мамандығының студенттері Сайрам ауданындағы мүмкіндігі шектеулі, ерекше жандар жасөспірім балаларға концерттік бағдарлама ұйымдастырып, сый-сияпаттарын жасады.
Бүкіл әлемде 1 - ші маусым Балаларды қорғау күні ретінде аталып өтіп, ескі халықаралық мейрамдардың бірінен саналады. Оны өткізу жөнінде шешім 1949 жылдың қараша айында Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданды.
Алғашқы халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілді БҰҰ аталған бастаманы дер кезінде қолдап, балалардың өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды.
Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Дәл осы күні болашақта адамгершілікке, әділдікке, баянды өмірге толы қоғам құру үшін оның негізі - балаларға барлық жағдай жасау керектігі тағы да паш етіледі.
Балаларды қорғау бұл мерекемен шектеліп қалмауы тиіс. Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаев биыл 2022 жылды арнайы «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ»-деп бекітті.
Біз балаларымызды әрдайым қорғаштап, олардың құқықтарын қорғауға міндеттіміз. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі мен олардың өміріне тікелей жауапты. Балаларымыз білім алып, болашақ еліміздің берік тұтқасына айналуы тиіс.