✓ Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша ағымдағы жылдың 5 маусымында жалпы “Республикалық Референдум” өткізу туралы жарлыққа қол қойды.
✓ Осыған сәйкес, бүгін 2 маусым күні Сайрам ауданы “AMANAT” партиясы Оңтүстік Қазақстан индустриялды- инновациялық колледжінің 18 жасқа толған 3-4 курс білім алушыларымен еркін форматта сұхбат өткізді.
Ағымдағы жылдың 5 маусымда өтетін жалпы халықтық референдумның мақсаты мен маңызын таныстыру бойынша арнайы құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының штабын басқарып келген қоғам және мемлекет қайраткері Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы, Қазақстан Республикасының парламент мәжілісінің депутаты Аббасов Қайнар, Түркістан облысының маслихатының депутаты Эгамбердиева Динара Асылқызы, Сайрам ауданының “AMANAT” партиясының филиалының хатшысы Абдіқадыров Алмас Абдрахманұлы Республикалық Кездесу барысында алдағы өткізілетін науқанның мән-маңызын жан-жақты түсіндіріп, сайлаудың маңыздылығын ерекше екендігін айтты. Сайлауға алғаш қатысатын білім алушыларды шын жүректен құттықтады.
✓ Кездесу барысында штаб мүшелері алдағы референдумды өткізуді толық қолдап, референдумға бір кісідей атсалысуға шақырды.