1-маусым -Халықаралық балаларды қорғау күніне «Балалығым бал дәуренім» тақырыбында рухани мәдениетке баулу сағаты Оңтүстік Қазақстан индустриялды –инновациялық колледжінің кітапханасында өткізілді.
Колледж студенттері балалық бал дәуреннің өзіндік сырларымен ой бөлісіп белсенділік танытты.Жас жеткіншектерді отансүйгіштік рухта тәрбиелеу мақсатында - рухы биік азаматтарды қалыптастыруға үлес қосумен ұштастырылған тұжырымды пікірлердің міндеттері орындалды. Ынтымақ пен достықтың туын жоғары ұстап тату –тәті бірлесіп заман талабына лайықты білім алу, армандармен жалғасқан жастық дәуренді білім алу жолында дұрыс пайдалана білуге баулу насихатталды.
Тұп –тұнық асыл қазынамыз.Отбасылық бағыңдағы мәңгілік қасиетті мұрамыз- балалардың мерекесі құтты болсын! Ата –ананың арманы мен үміт тілегін бал бұлақтай жалғайтын! Баршаңызды бала тілмен баурайтын «Бала» атты бақытты құшыңыздар! Мейірімді ұрпақтардың кемел мол өсіп жетілуі қуаныш шапағатына бөленген мерекелік ақ ниетті қабыл алыңыздар!