ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ РӘМІЗДЕРІНЕ 30 ЖЫЛ.
Бүгін мамыр айының 22 жұлдызы, Сайрам ауданының ''Жастар ресурстық орталығы'' КММ қолдауымен, Сайрам ауданының ''Ерікті жастары'' волонтёрларының ұйымдастыруымен Ақсукент және Қарабұлақ ауылдық округтерінде орналасан ''Техникалық және кәсіптік білім беру'' мекемелері мен ''Сайрам жастары'', еріктілер клубының құрамасы арасында ''Қазақстан Республикасының рәміздеріне 30 жыл'' толуына орай ''Ақсу Арена'' спорт кешенінде футболдан жолдастық кездесу болып өтті.
Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, колледждер мен ерікті жастарымыздың достығы мен ынтымақтастығын арттыру, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану.
Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінен 1-2курс студенттерінен құрылған жаңа футбол құрамасы керемет ойын көрсете білді.
Жаңа футбол құрамасы алғашқы ойынды Е.Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжімен ойын алаңына шығып 2-3 есебімен біздің жас жаңа футбол құрамасы жеңіс мәресіне шықты.
Жас футболшыларымыз Ақсукент көпсалалы колледжімен ойын алаңына шығып 3-1 есебімен біздің жігіттеріміз жеңіс алаңына қайта шықты.
Жаңа құрама футболшыларымыз А.Исмайлов атындағы кәсіптік колледжімен тартысты ойын ойнап, III -дәрежелі қола жүлдесіне қол жеткізді.
Колледжіміздің жаңа жасақталған футбол құрамасының бұл алғашқы ойындағы жақсы көрсеткіші. Жас футболшыларымызға толағай табыстар тілейміз. Аудан, Облыс, Республика деңгейіне жетулеріңе тілектеспіз. Жеңістерің құтты болсын.
Көк туымыз әрқашан биіктен көрініп, аспанымыз ашық болсын. Баршаңызды ҚР Рәміздері күнімен құттықтаймыз! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай.