“ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ЛАҢКЕСТІК ІС ӘРЕКЕТТЕРДЕН САҚТАНУ ЖОЛДАРЫ”
Ағымдағы жылдың 16 мамыры күні, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің әкімшілігі колледж қызметкерлері мен оқытушыларына “Террорлық актілер мен лаңкестік әрекеттерді алдын алу” тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, террорлық актілер орын алған жағдайда қандай әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп өтті.
Террорлық актілер мен лаңкестік оқиғалардың салдарынан бейбіт тұрғындардың зардап шегетіндігі, қоғамдық орындар мен адам көп шоғырланатын орындарда барынша сақтық шаралары, күзет, дабыл жүйесі, бейне бақылаулар болу керектігі толық айтылды.
Мекемелерде талапқа сай өрт қауіпсіздігі құралдары, сонымен қатар қауіпсіздікті алдын алатын байланыс құралдары болуы керек деген ақпараттар, қауіпсіздікке жауапты басқармалардың байланыс сымтетіктерінің номерлері аталып айтылды.
Сырттан бөтен адам қоңырау шалып, ғимаратта қауіпті жарылыс құралы бар екендігін хабарлаған жағдайда қандай әрекетте болу керектігіне толық түсінік беріліп, мысал ретінде бейне роликтер көрсетілді.
Біздің білім ордасының қызметкерлері мен оқытушыларына террорлық актілер мен лаңкестік іс-шараларды алдын алу жөнінде толық ақпараттар беріліп, оқу топтарымен топ сағаттары өтілу керектігін колледж басшысы Нұрекенова Нұргүл Жақсылыққызы тапсырма берді. Осы аптаның бейсенбі күні топтар арасында террорлық актілер мен лаңкестік ұйымдарға қарсы үлкен тәрбиелік мәні бар жиын болатындығы айтылып өтілді.
Сақтық ол еліміздің басты мәселесі, сақтану және тосын оқиғаларды алдын алу әр азаматтың міндеті.
Саулық ол сақтықта, барынша сақ болайық!
Ел аман, жұртымыз тыныш, жаңа замандағы Қазақстанның гүлденуін баршамыз бірлесіп ат салысайық ағайын.
Аспанымыз ашық болсын, еш уақытта күн сөнбей, бейбіт ғұмыр кешейік!