Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі, - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқан.
Ағымдағы жылдың 14 мамырында Түркістан облысының Білім басқармасының дәстүрлі түрде ұйымдастыруымен «Түркістан Ахмет Яссауи» кәсіби колледжінің базасында «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубының слеті болып өтті.
Слеттың мақсаты:
1. Біз бірлігімен ынтымағы жарасқан тамаша мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрған жерде ғана адамдар алаңсыз білім алып, адал қызмет етеді. Жастар арасында дене шынықтыру мен әскери-қолданбалы спорт түрлерін танымал ету болып табылады.
2. Азаматтық құқықтық, патриоттық тәрбие беруде мазмұны мен әдіс тәсілдер мен оқу тәрбие құрылымының өзара іс әрекеттестік негізінде деңгейін көтеру. Мәңгілік ел мұратын көзіміздің қарашығындай сақтау үшін қашанда бір болайық.
Біздің Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінің «Айбын» әскери бөлімшесі жоғарғы деңгейде алғашқы іріктеуде өз саптық шеруі мен патриоттық ән байқауын абыроймен алып өтті.
«Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Шекербек Аружан біздің оқу орнымыздың жас сарбаз қатысушыларының киім үлгісін жоғарғы деңгейде деп бағасын беріп, сахна төрінде ерекше алғыстарын білдірді.
Колледжіміздің «Айбын» әскери бөлімшесі «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубының слетіне қатысып, ұйымдастырушылардың арнайы алғыс хатыменен марапатталды.
Ұйымдастырушыларға мың алғыс!