Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай түзілген жұмыс жоспарына сай, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде “Полимерлік өндіріс технологиясы” мамандығының 2 курс студенттеріне топ жетекшісі Махамедов Искандардың “Тәуелсіз елім - тірегім!” тақырыбындағы патриоттық ашық тәрбие сағаты болып өтті.
Әрбір қазақтың жүрегінде Тәуелсіздіктің қалай келгені сақталған. Біз Тәуелсіздік жолында “мың өліп, мың тірілген” ұлы даланың қайсар батырларының ұрпағымыз. Ұлы даланың батыл да, білімді ұрпақтарын өз елінің нағыз жанашыры ретінде тәрбиелеу - бұл, әрине, тәрбиенің түп қазығы әрі тамаша мектебі саналатын отбасындағы ата-ана мен ұстаздың басты міндеті. Сол себепті колледжімізде тәрбие бағытына үлкен мән беріліп, ұлттың ұландарын осындай тәлімі мол іс-шаралар арқылы тәрбиелеуді негізгі орынға қойған.