"Қарты бар ел - қазыналы ел" демекші, үлкенге құрмет көрсету, өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестері, тәлім-тәрбиесі бүгінгі ұрпаққа үлгі болатын қарияларымызды сыйлау, ізеттілік таныту - ата-бабаларымыздан келе жатқан салтымыз. Қарттарын қадірлеген қазақ халқы үшін де күнтізбедегі 1 қазан - Қарттар күні деп белгіленген.
Бұл күннің басты мақсаты - ғаламшардың барлық тұрғындарының назарын қарттардың мәселелері мен қиындықтарына аудару.
Атаулы күнге орай, Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжінде құрылған “Ізгілік елшілері” еріктілер ұйымының мүшелері Ақсу ауылындағы қарт тұрғындардың үйлеріне барып, дала жұмыстарына қолғабыс танытты.
“Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет” ете білген, бізге тағылымды жол көрсеткен аға ұрпақтың берген тәрбиесі мен тәлімі мол.
Ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кенішіндей болған қарттарымыз сіздер, аман-есен жүргейсіздер!
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілейміз!